• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2021

Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

149 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 17:15-те Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңында 35 жастағы мотоцикл жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 46 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», делінген ПД хабарламасында.

Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 451 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 38 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алған.