• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2021

Алматыда есірткі зертханаларын ұйымдастырғандар ұсталды

360 рет
көрсетілді

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша «мефедрон» және «альфа-PVP» синтетикалық заттарының өндірісі бойынша 2 есірткі зертханасын ұйымдастырған Қырғызстан азаматы мен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы қазанда ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен өңір аумағында синтетикалық есірткілердің ірі партияларын интернет-ресурстар арқылы дайындауға және өткізуге қатысы бар 2 есірткі тобының қызметін ашып, жолын кесті.

Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 4 кг синтетикалық есірткі мен олардың 40 литр жартылай фабрикаты, 1 кг гашиш, 20 кг-нан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді. Қылмыстық тауар әлеуметтік мессенджерлер арқылы, жасырын бетбелгілерді жүзеге асыру арқылы байланыссыз түрде сатылғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі атап өткендей, есірткі құралдары мен прекурсорлардың ірі партияларын Алматы қаласының «қара базарына» қолмен дайындау мен жеткізудің өсуі жалғасуда. 2021 жылдың басынан бері ҰҚК департаменті Есірткі құралдарының заңсыз айналымының 18 фактісінің жолын кесті, синтетикалық есірткі өндіру жөніндегі 10 жасырын есірткі зертханаларының қызметін жойды. Заңсыз айналымнан 255 келі есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысқан 33 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.