• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Қазан, 2021

Бүгін Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңға шығады

312 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет бүгін шаршы алаңға көтеріліп, өзіне тиесілі WBC International белбеуін қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрсынбай кәсіпқой бокс әлеміндегі бесінші жекпе-жегінде Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы «York Hall» аренасында доминикандық Хуан Карлос Абреумен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек он раундтық форматта өтеді деп жоспарланған. Лондондағы бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 22:15-те басталмақ.