«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Владимир Муханов ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатты өзі жаттықтыратын команданың сапынан көргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақтөбе» футбол клубының жетекшілері мен Исламбек Қуат арасында тиісті келіссөздер жүргізілді. Екі тарап нақты шешімді осы маусым аяқталғаннан кейін мәлімдейді. «Астананың» футболшысы Владимир Муханов «Ақтөбені» жаттықтырған кезде аталмыш команданың жейдесін киген болатын. Батыстық командада екінші мәрте доп тебуге қарсы емес шығар...
Исламбек Қуат осы маусымда «Астана» сапында 22 мәрте жасыл алаңға шығып, 1 мәрте мергендігімен көзге түсті, сондай-ақ бір нәтижелі пас шығарған болатын.