Бірінші орта салмақта ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов шаршы алаңға желтоқсан айында оралады. Ол кезекті жекпе-жегіне дайындықты қараша айының ортасында бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы деректерге сенсек, Садриддин физикалық әлеуетін қалыпқа келтіруге назар аудармақ. Ал, оқу-жаттығу жиыны Канада елінде өтеді. Боксшы «Eye of the Tiger Managment» промоутерлік ұйымы ұйымдастыратын бокс кештерінің бірінде шаршы алаңға шығады деп күтілуде.
Бұл Садриддин үшін қаңтар айынан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Жыл басында қазақ боксшысы ниделандылық Стивен Даньоны жеңіп, NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеулерін жеңіп алған еді.