Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдікті алдын ала тыңдау кезінде алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Алдын ала тыңдау өтті. Басты сот талқылауы 9 қарашаға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді. Сотталушы істі алқабилер сотымен қарау құқығынан бас тартты. Заңға сәйкес істі судья жеке қарайды», деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы.