Атырау облысында жүк көлігінің тіркемесіне тиелген 12,2 тонна мақта жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 28 қазанда сағат 16:15-те болған.
«Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөліміне «Доссор-Құлсары» тасжолының бойында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер аудан орталығы – Мақат кентінен 55 шақырым қашықтықтағы оқиға орнына сағат 17:30-да жетті. Тәжікстан Республикасынан Түркия Республикасына бағыт алған «Scania-R420» маркалы жүк көлігінің тіркемесіндегі салмағы 12,2 тонна мақта орамдары толықтай жанып кеткені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.