Әзірбайжан билігі арнайы карантиндік режимді 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Барлық қолданыстағы шектеулер күшінде қалды. Атап айтқанда, еске алу рәсімдерін өткізуге тыйым салынады, үйлену тойларында және басқа да мерекелерде шектеулі қонақтардың қатысуына рұқсат етіледі. Барлық осындай іс-шараларға қатысушылар тек вакцинация туралы сертификаттар болған жағдайда ғана жіберіледі.
Эстония COVID-19-ға байланысты жаңа шектеулер енгізуде. Маскаларды тіпті сауналарда, спа-да және аква орталықтарында да кию міндеттелді. Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елде қоғамдық тамақтану жұмыстарының қызметі шектеледі. Жұмыс күнін 6:00-ден бастауға және 23:00-ден кешіктірмей аяқтауға рұқсат етіледі. Жаңа ережелер 12 жастан асқан барлық адамдар үшін қолданылатын болады.
Украинада пандемия басталғаннан бергі бір күн ішінде анықталған коронавирус жағдайларының саны бойынша тағы бір антирекорд тіркелді – 26 810 жаңа жағдай.