• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2021

Елік аулаған ақтөбелік азамат ұсталды

381 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 28 қазан күні Жангелдин ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Нұрбек Дүйсенбаев пен Әбунасыр Оспанов "Охотзоопром" инспекторларымен бірлесіп, Тартақ елді мекеніндегі шаруа қожалықтарының бірінен екі киіктің денесін тапқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер «Браконьер» операциясы аясында Ақтөбе облысының тұрғынын заңсыз аң аулағаны үшін ұстаған.

«Бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полиция 45 жастағы ер адамның Ақтөбе облысынан келіп, қойшы болып жұмысқа орналасқанын анықтады. Ол мотоциклмен далаға шығып, ақбөкендерді аулай бастағанын айтты, - деп түсіндірді полиция өкілі. «Оқиға орнын тексеру барысында полицейлер киіктің еті мен мүйізін тәркіледі», делінген хабарламада

Жалпы жыл басынан бері өңірдің табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулаудың 14 фактісін анықтаған. «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасының сегіз күнінде тәртіп сақшылары 52 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген.