«St. Petersburg Open» турнирінде қазақстандық теннисші Андреу Голубев жұптық сында Монако өкілі Уго Ниспен бірге жарысты жалғастыруда. Олар ширек финалда Оңтүстікамерикалық Сантьяго Гонсалес (Мексика), Андрес Мольтени жұбымен (Аргентина) кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кортта барын салған Андрей Голубев пен Уго Нис бірінші сетті тай брейкте жеңсе, екінші сетті 6:4 есебімен ұтты. Олар енді жартылай финалда канадалық Денис Шаповалов және үндістандық Рохан Бопанна жұбына қарсы кортқа шығып, финалдық жолдаманы иеленуге күш салып көрмек.