• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2021

Ералы Тоғжанов қан орталығының жұмысымен танысты

368 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қарағандыға ат басын бұрған вице-премьер Ералы Тоғжанов облыс активімен эпидемиологиялық жағдай және «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін, осы жылдың тамыз айынан бастап коронавируспен ауырғандар саны 8 есеге төмендегенін атап өтті.

Жиында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирустық инфекциямен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ералы Тоғжанов жергілікті билік органдарына халықты вакцинациялаумен қамту жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында аурудың өсуіне жол бермеу үшін мектептерде карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, вице-премьер «Pfizer» вакцинасын сақтау және тарату жөніндегі негізгі хаб орналасатын қан орталығының жұмысымен танысты.