Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы аяқталды. Соңғы турда ел чемпионы анықталды. Одан өзге де үздіктердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Премьер-лига қорытындысы бойынша жылдың үздік бомбардирі болып «Астананың» хорватиялық легионері Марин Томасов танылды. Ол маусым барысында 17 мәрте мергендігімен көзге түскен. Екінші орын алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Артур Шушеначевке бұйырса (12 гол), үздік үштікті қостанайлық «Тобылдың» ойыншысы Игорь Сергеев (10 гол) түйіндеді.