• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2021

Үш қабатты тұрғын үйде пәтер жанып кеткен

224 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Ақсу қаласының маңында орналасқан Қалқаман ауылындағы тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«30 қазан күні сағат 17:30-да «101» пультіне Ақсу қаласындағы Қалқаман ауылында үш қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жалпы алаңы 15 шаршы метрде заттар жанған. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен құралдары жіберілген», делінген дереккөздерде.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің барлауы барысында 1949 жылы туған ер адамның денесі табылған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 15 адам, оның ішінде 2 бала өз бетінше эвакуацияланған. Өрт сағат 18:07-де сөндірілді», деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.