• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Футбол 31 Қазан, 2021

«Атырау» үш ойын қатарынан жеңілді

180 рет
көрсетілді

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет бақ сынаған «Атырау» шағын футбол клубы үш ойын қатарынан жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы ойынын франциялық «Аньер Вильнев 92» командасына қарсы өткізген «Атырау» футболшылары қарсыластарына 0:6 есебімен жол берді. Батыстық команда бұған дейін де екі кездесуде жеңілген болатын. Нәтижесінде үш ойында соқыр ұпай иеленбеген «Атырау» командасы жарысты аяқтады.