• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2021

Атыраудағы атыс: Жарақат алғандардың жағдайы тұрақты

347 рет
көрсетілді

Қызылқоға ауданындағы Сағыз стансасының маңында болған топтық атыстан алты адам жарақат алып, біреуі қайтыс болғаны туралы бұған дейін ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бір зардап шегуші қайтыс болған. Біреуі қол жарақатымен үйіне жіберілді, тағы бір ер адам Мақат аудандық ауруханасына қол жарақатымен жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты, ем алып жатыр.

Зардап шеккен үш азамат түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың да жағдайы тұрақты, ем алуда. Травматология бөлімшесіндегі дәрігерлердің бақылауында.