Америкалық актер Алек Болдуин жаңа фильмнің түсірілімі кезінде орын алған қайғылы оқиға жайлы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Актер Вермонт штатындағы жолдың бойында автокөлігін тоқтатып, өзін қуып келген журналистерге мән-жайды түсіндірді.
«Түсірілім алаңында түрлі оқиғалар орын алып жатады. Бірақ, дәл мұндай емес. Бұл триллионнан бір кездесетін эпизод», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Болдуин пайдаланған қарудан байқаусызда атылған оқ оператор әйелге тиіп, ол сол жерде қайтыс болған еді.