Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылдық округінде 30 қазанда болған атыстан кейін полиция ауылда күшейтілген патрульді жұмылдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс туралы ақпарат түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына қоғамдық тәртіпті тұрақтандыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаппай толқулар байқалмайды. Жағдай Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің жеке бақылауында. Мұндағы атыстан бес адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болған еді. Атыс неден шыққаны туралы іс тергелуде.
«Ауылдағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы ауыл аумағында патрульдеу жүргізіледі. Оқиға орнына Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды», деді облыстың бас полицейі
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеу жүргізілуде.