Бразилияның Сан-паулу штатында үңгір опырылып, салдарынан тоғыз өрт сөндіруші мерт болды. Бұл туралы жексенбі күні өңірдің өрт сөндіру қызметі Twitter-де жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тоғыз адам көз жұмды, бір адам құтқарылды, ол интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оқиға орнында басқа зардап шеккен адам қалған жоқ», делінген хабарламада.
Жексенбі күні таңертең өрт сөндірушілер үңгірдің ішінде оқу-жаттығу өткізіп жатқан кезде тау жыныстары опырылған. Өрт сөндіру қызметі келтірген мәліметтерге сәйкес, оқу-жаттығуға 28 адам қатысқан.