• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 01 Қараша, 2021

Бірнеше өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы лауазымды тұлғалар ұсталады

630 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы саласында жедел-тергеу ісшараларын жүргізуде. Бұл ақпаратты ведомство растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Барлық қамауға алу дерегі ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыруға байланысты», делінген хабарламада.