• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Қараша, 2021

Pfizer вакцинасының қашан жеткізілетіні белгілі болды

167 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен індеттің таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Кеңес барысында Biontech және Pfizer бірлесіп әзірлеген «Комирнати» препаратымен вакциналауға дайындық мәселелері қаралды. Препараттың жеткізілуі осы айға жоспарланған.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына денсаулықтарын сақтау үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуға шақырды. Вакцинациялау эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, қала өмірін қалыпты жағдайға қайтаруға, шектеу шараларының алынуына мүмкіндік береді деп отыр.

Айта кететін жайт, мегаполисте күн сайын 137 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр.