• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2021

Қазақстанда мал шаруашылығы өндірісі өсті

1305 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 9 айында мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 244,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,7%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мал шаруашылығындағы өсім 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда республиканың 10 өңірінде байқалды. 1 қазандағы жағдай бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 4,7%-ға ұлғайды.

Аталған кезеңде шаруашылықтардағы сойылған мал мен құстың еті 844,0 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға көп. Осы ретте сиыр еті өндірісі 4,9%-ға 361,3 мың тоннаға дейін, қой еті 1,6%-ға 101,6 мың тоннаға дейін, жылқы еті 6,2%-ға 97,6 мың тоннаға дейін, құс еті 21,3%-ға 208,5 мың тоннаға дейін ұлғайды. Шошқа еті өндірісі барлық өңірлерде 3,6%-ға 56,8 мың тоннаға дейін төмендеді.

Сүт бойынша импорт алмастыруды төмендету және сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша 3 өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы (Ақмола, Қостанай, СҚО) және 10 отбасылық сүт-тауар фермасы (Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, СҚО, Шымкент қаласы) пайдалануға берілді. 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, республикаға асыл тұқымды 15 498 бас ірі қара әкелінді, оның ішінде сүтті тұқымдар – 1 735 бас, сүтті-етті – 3 611 бас, етті тұқымдар – 10 152 бас.

Ай сайынғы мониторинг негізінде 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде өндіріс қуаты орта есеппен 50-ден 10,0 мың мал орнына дейін және жиынтық қуаты 389,2 мың мал орнына дейін сараланатын.

Елдегі жағдай бойынша жүргізілетін ай сайынғы мониторинг негізінде айтар болсақ, барлығы 507 бірлік бордақылау алаңы жұмыс істейді, олардың өндірістік қуаты орта есеппен 50-ден 10,0 мыңнан астам мал орнына дейін және жиынтық қуаты 389,2 мың мал орнына дейін сараланады.

Өндірістік қуат бойынша үздік үш өңір бар: БҚО - 58,2 мың мал орны, Түркістан облысы - 46,4 мың мал орны және Алматы облысы - 40,0 мың мал орны, олардың үлес салмағы жиынтығында 37% (144,6 мың мал орны) құрайды. Бүгінгі күні бордақылау алаңдарының нақты жүктемесі 35%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың басынан бастап бордақылауға 134,0 мың бас бұқа түсті.