Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға бүгін Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесі бойында болған. Аталған көшеде «Toyota Hilux» және «ВАЗ-2107» маркалы автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.