Сербия астанасы Белград қаласында өтіп әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
67 кило салмақта сынға түсіп жатқан ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық боксшы Чинзориг Баатарсухпен жұдырықтасты. Шаршы алаңда өз шеберлігін көрсете білген Абылайхан сенімнің үдесінен шығып, доданың жартылай финалына өтті. Қысқасы, Абылайхан да алтын жүлдеден үмітті.