Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында 57 келі салмақтағы саңлақтар рингке шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов ресейлік былғары қолғап шебері Эдуард Саввинмен жұдырықтасты. Жекпе-жек басталған сәттен басымдықты уысынан шығармауға ұмтылған отандасымыз кездесу қорытындысында 5:0 есебімен басымдық танытып, ұлттық құрама қоржынына бесінші жүлдені қосты.