• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Қараша, 2021

Роналду командасын жеңілістен құтқарды

192 рет
көрсетілді

Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«F» тобының орталық кездесуінде Италияның «Аталанта» футбол клубы өз алаңында Ұлыбританияның «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдады. Бұл ойында алаң иелері жеңіске тым жақын тұрған. Алайда екі мәрте есепте алға шыққан «Аталанта» футболшылары басымдықты уысынан шығарып алды. «Манчестер юнайтедті» екі рет португалиялық Криштиану Роналду жеңілістен құтқарып қалды. Ол бірінші және екінші кезеңнің төреші қосқан минуттарында мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп - 2:2.