• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Қараша, 2021

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

135 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 қараша күні Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында 4 - 6 қарашада: Іле Алатауы, Жетісу Алатауында қар жауады, 5, 6 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Қырғыз Алатауы: 4 қарашада қатты қар, 5 қарашада түнде қар. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Талас Алатауында 4 қараша күні қар жауады. Батыс Алтайда 4 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, тұман. Солтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с. Тарбағатай: 4 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, тұман.

Солтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с. 4 қараша Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде 4-5 қарашада солтүстігінде Қарағанды облысында тұман түседі. Күндіз 4 қарашада Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтауда 4 қарашада шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. 4 қарашада Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Қызылордада 4 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. 4 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз 4 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.