• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қараша, 2021

Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерді бұғаттаған шенеунікті жазалады

398 рет
көрсетілді

«Узкомназорат» басшысы Голибшер Зияев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша, Республикадағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталғаннан бірнеше сағат өткен соң, «қате және келісілмеген әрекеті үшін» қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді «біржақты және ойластырылмаған» деп атады.

«Жақын арада барлық әлеуметтік желіге қолжетімділік қалпына келтіріледі деп ойлаймын», деді Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

Басылым мәліметінше, Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция («Узкомназорат») тізілімінде Telegram, Facebook, Одноклассники, YouTube және басқа сайттарға кіруді шектеу туралы белгілер жойылған.