• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Қараша, 2021

ӘЧ: Сәкен мен Теміртастың жеңісіне күмән жоқ

238 рет
көрсетілді

Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшылары Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жететіндігіне еш күмән жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иә, бұл 1ХВЕТ букмекерлік кеңсесінің болжамы. Букмекерлік кеңсе жартылай финалда бақ сынайтын төрт қазақ боксшысының жекпе-жектеріне қатысты коэффициенттерді жариялады.

Олар 48 кило салмақтағы Теміртас Жүсіповтің жеңісіне еш күмән келтірмейді. Белоруссия боксшысы Евгений Кармильчикпен өтетін шайқаста кеңсе қазақ оғланының жеңісіне 1,05 коэффициент ұсынса, тай боксшысы Танарат Саенгфетпен қолғап түйістіретін 51 килодағы сайыпқыранымыз Сәкен Бибосыновтың жеңісіне де дәл сондай коэффициент ұсынған.

Жалпы букмекерлік кеңсе төрт боксшымызға қатысты болжам жасаса, төртеуінде де қазақ оғландарын фаворит деп таныған. 54 кило салмақтағы Махмұд Сабырхан үнді өрені Акаш Кумарды жеңеді дегенге 1,29 коэффициент берсе, 67 кило салмақтағы Абылайхан Жүсіпов жапон өрені Севонрец Окадзаваны ұтады дегенге 1,57 коэффициент ұсыныпты.