Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елордадағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 ауыстыру жобасы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2022 жылы Нұр-Сұлтандағы ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы аяқталады. Алматыда үш ЖЭО-ны газға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қуаты 1300 мегаватт болады. Аяқтау мерзімі 2026 жылға дейін белгіленді», деді министр Үкімет отырысында.
Бұдан басқа, елдің оңтүстігінде қуаты 2 150 мегаватт бу-газ қондырғыларын салу мәселесі пысықталып жатыр.
«Теміртауда «АрселорМиттал Теміртау» станциясын газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ орта мерзімді деңгейде тау-кен саласындағы еліміздің ірі кәсіпорындарын көмірден газға көшіру жоспарланған», деп толықтырды Мағзұм Мырзағалиев.