• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 04 Қараша, 2021

Президент дизель тапшылығына қатысты пікір білдірді

283 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазан айында елімізде дизель отынының тапшылығы байқалды. Бұл жағдай дизель отыны бағасының өсуіне ғана емес, сонымен бірге көлік компаниялары, Қазақстан темір жолы үшін де проблема туындатты. Сонымен қатар коммуналдық және жол қызметтерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде тәуекелдер алып келді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.