• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2014

65 медициналық автокөлік берілді

308 рет
көрсетілді

Елбасы дәстүрлі Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейте отырып, сапалы қызмет көрсетуді тапсырғаны мәлім. Бұл тұрғыда нақтылы атқарылып  жатқан жұмысқа тоқталсақ,  Алматы облысында  денсаулық саласын дамытуға  биылғы жылы   68,6  млрд. теңге қарастырылыпты. «Бүгін  облысымыздағы емдеу, сауықтыру мекемелерінің ма­те­риалдық-техникалық база­сын нығайту мақсатында 798 млн. теңгеге сатып алынған  65 автокөліктің кілтін  тапсыра­мыз.  Заманауи көліктер бас­ты бай­лығымыз – халықтың ден­сау­лы­ғын жақсартуға, дер кезінде дәрі­гер­лік көмек көрсетуге септігін тигі­зетініне  сенемін», деді  Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов. Бұл жолғы автокөлік кілтін тап­сырудың бір артықшылығы Нарынқол, Қабанбай секілді шалғайдағы ауылдар аттары аталып медициналық құралдармен толық жабдықталған  темір тұлпарлар  кілті берілді. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.