• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Қараша, 2021

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

202 рет
көрсетілді

«Қазидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет болжамына қарағанда, 5-6 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. 5 қараша күні түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз тәулік бойы, 6 қараша күні өңірдің басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 5 қараша күні тәулік бойы, 6 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

5 қараша күні Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылордада 5 қараша күні жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

5-6 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге, 5 қарашада таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с болады.

Шымкентте 5 қарашада шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда 5 қарашада шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз 5 қараша күні Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с болады. Көкшетауда 5 қарашада күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с-қа жетеді.