Шымкентте семсерлесуден ерлер арасында Қазақстан чемпионы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сабля» санаты бойынша елордалық Саттархан Назарбаев ел үздігі атанды.
Алматылық Дамир Ибрагимов екінші орынға ие болды.
Рахманәлі Мұхамедәлі (Шымкент) пен Нұржан Кәрім (Алматы) қола жүлдені өзара бөліп алды.