Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұйымдастырған ұрлықтың қылмыстық схемасын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Менеджер өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатқан.
«Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды. 3 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігін сот анықтайды. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.