• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қараша, 2021

Алматыда бір отбасы көмірқышқыл газына уланды

222 рет
көрсетілді

Алматыда бір отбасыдан 4 адам көмірқышқыл газына уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жылыту жүйесіндегі ақаулар - улы газбен уланудың негізгі себептерінің бірі.

«5 қараша күні, таңғы сағат 08:30-да Алматы қалалық ТЖД-ге Бостандық ауданының Нұрлытау ықшамауданында пештің ақауы салдарынан төрт адамнан тұратын отбасы (үйді жалдаушылар) улы газбен уланғаны туралы хабарлама түсті. Үш баланың анасы 40 жастағы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Алайда, оның балалары 20 және 12 жастағы ұлдары, 11 жастағы қызы орташа және жеңіл дәрежелі ауыр халде ауруханаға түсті. Тексеру барысында пештің жарықшақтары мен тесіктері болғаны анықталды. Соның салдарынан үйге улы газ тарауы мүмкін», деп түсіндірді қалалық ТЖД-де.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес, атап айтқанда, қатты отынмен жылытылатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін үйдің жалға алушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп толықтырды ведомстводан.