• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Қараша, 2021

Бибосынов қарсыласын билеп жүріп жеңді

462 рет
көрсетілді

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бүгін екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығатыны белгілі. Бірінші болып рингке 51 кило салмақтағы Сәкен Бибосынов көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаршы алаңға жұлқынып шыққан Сәкен Бибосынов АҚШ боксшысы Роско Хиллмен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы өзіне тән мәнерде қимылдаған Сәкен қарсыласына соққыларын дөп тигізіп, ұлттық құрама қоржынына екінші алтын жүлдені түсірді. Оған дейін 48 кило салмақ дәрежесіндегі саңлағымыз Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған болатын.