Өзбекстанда «Жаңа Өзбекстан – халықтық-гуманитарлық мемлекет» идеясын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл туралы Өзбекстан президентін ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеген ел Президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
– Осы мақсатта жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті мәселелерді шешудегі рөлі мен жауапкершілігін арттырамыз. Болашақта мемлекет функцияларының басым бөлігі орталықтан аймақтарға беріледі, – деді Мирзиёев.
Оның айтуынша, қоғамды басқарудың діңгегі болып табылатын және реформалардың нәтижелерін көрсететін елді мекендер жүйесі (азаматтардың өзін-өзі басқару органы) мен әкімдіктерді өзара байланыстыру мақсатында әкімнің көмекшісі (әкім, басқарма басшысы) қызметі бекітілетін болады.
– Олар жаңа жұмыс орындарын ашуға және кедейлікті азайтуға жауапты болады. Шаһар төрағасының міндетіне рухани-ағарту жұмыстарын жүргізу, отбасылар мен елді мекендерде салауатты атмосфераны қалыптастыру кіреді, – деді Мирзиёев.
Ол елді мекендерде Жастар ісі жөніндегі агенттіктің өкілдері де жұмыс істейтінін, олар жастар мәселесімен тұрақты түрде айналысатынын айтты.
– Сонымен қатар, әкімдіктер мен елді мекендердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында аудан бюджетіне қосымша көздерден қаражат түсіп, әр елді мекенге жеке қаражаттар жасақталатын болады, – деді Өзбекстан Президенті.