Оқиға 8 қарашаға қараған түні 21.50 шамасында болған. Осы уақытта 102-ге 17-ші және 18-ші шағын аудандар арасындағы жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен.
«Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.
Қазір анықтаушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.