• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 09 Қараша, 2021

Жан Кособуцкий жаңа белбеуге таласады

305 рет
көрсетілді

20 қараша күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін доминикандық Алексис Гарсияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде өтетін бұл жекпе-жекте WBC International Silver белбеуі сарапқа салынатын болды. Кездесудің өзі 10 раундтық форматта өтеді. Германияның Гамбург қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде қазақстандық боксшы кезекті жеңісіне қол жеткізуге ниетті.