• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2021

Вакцина салдырмағандар сауда орталықтарына кіре ала ма

171 рет
көрсетілді

Алматыда екпе салдырмағандарға сауда орталығына кіруге тыйым салу мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байғабыловтың айтуынша, Ashyq-тағы мәртебесі бейтарап «көк» адамдарға жұмыс күндері сауда орталығына кіруге тыйым салу жоспарланбайды. Ол тек демалыс күндері сақталады.

«Демалыс күндері «жасыл» мәртебесі барларға ғана нысандарға кіруге рұқсат етіледі, ал жұмыс күндері «көк» және «жасыл» статусы барларға рұқсат беріледі», деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, 4 қарашада Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы мәселені талқылап жатқанын айтқан болатын. Сауда орталығына жұмыс күндері тек Ashyq жүйесінде «жасыл» мәртебесі барларға, яғни екпе алғандарға ғана кіруге рұқсат беру ұсынылған.