• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 09 Қараша, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстанбұлға барады

349 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.   Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.