• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 10 Қараша, 2021

Қандай компаниялар түлектерді жұмысқа алады?

151 рет
көрсетілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жо­ғары оқу орындарының білім бағдарламаларына талдау­лар жүргізіп келеді. Палата көбіне түлектердің еңбек на­ры­ғындағы бәсекеге қабілетіне қарай талдайды. Жақында «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша бакалавриат бағ­дарламалары түлектерінің жұмысқа орналасу жайын сара­­лады. Нәтижесінде, шетелдік және отандық ірі ком­па­ния­­лар­дың қай университет бітірушілерін жұмысқа жиі алатынын анықтады.

«Атамекен» таратқан ақпа­рат­­қа сүйенсек, 2020 жылғы ста­т­ис­тика бойынша 10 023 адам «Мем­лекеттік және жергілікті бас­қа­ру», «Маркетинг», «Ме­нед­­жмент», «Әлемдік экономи­ка», «Бағалау», «Есеп және аудит», «Қаржы және экономика» сияқ­ты 8 мамандық бойынша ба­ка­лав­рды бітіріп, диплом ал­ған.

Ұлттық кәсіпкерлер палата­сы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев: «Бұл түлектердің 2500-і – декрет­тік демалыста, әскерде, магистратурада (Қазақстанда және шетелде) оқуын жалғастырып жатыр немесе шетел азаматтары. Қалған 7 523 адамға сараптама жүргізілді. 79 пайызы диплом алғаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан, бірақ оның 71 пайызы ғана 3 айдан аса уақыттан бері жұмыс істейді (тұрақты жұмыспен қам­тыл­ған)», деді.

«Атамекен» ҰКП­ ана­ли­­­ти­ка­лы­қ де­ректеріне сәйкес Big4 ­(Ernst&Young, KPMG­, De­loitte,­ Price­wa­ter­house­Coopers) ­ком­па­ния­сы «Бух­галтерлік есеп және аудит», «Қаржы» маман­дық­тары бойынша көбіне келесі уни­верситеттердің түлектерін қабылдайды: KIMEP; Қа­зақ-Британ техникалық уни­вер­ситеті (Академиялық адал­дық ли­­га­­сының мүшесі); М.Нәрік­ба­­ев атындағы КАЗГЮУ уни­­­­­верситеті (Академиялық адал­­­­д­ық лигасының мүшесі); NARXOZ университеті; Almaty Ma­na­gement University (Ака­де­­миялық адалдық лигасының мү­шесі).

Олжас Ордабаев аталған сала түлектері үшін ең ірі жұ­мыс берушілер қатарында «Қа­зақстан Халық Банкі» АҚ, «Еура­зиялық банк» АҚ, Kaspi Bank АҚ, «Хоум Кредит Банк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ ком­па­ниялары бар екенін айтады.