• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Қараша, 2021

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $72 миллиардтан асты

845 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өңделген тауарлар экспортының өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 43,3 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсті», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тауарлар импорты 29,5 млрд АҚШ долларын құрады.

«Жалпы алғанда, оң сауда балансы өткен аймен салыстырғанда 1,8 млрд АҚШ долларына өсіп, 13,8 млрд АҚШ долларын құрады», деп түйіндеді министр.