Елордада жол апатына ұшыраған көлік аударылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 12:07-де Kia Picanto маркалы көліктің 46 жастағы жүргізушісі Ақбидай көшесімен Өндіріс көшесіне қарай келе жатып, сол жаққа бұрылар кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан «ВАЗ-2115» көлігімен соқтығысты. Қатты соққы салдарынан Kia Picanto аударылып қалған. Жол апаты салдарынан жарақат алған Kia Picanto жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.