Шымкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Көпсайыс қорытындысы бойынша Көркем Ербосынқызы (Шымкент) жеңіске жетті. Екінші орында Анфиса Иванова (Алматы), үшінші сатыда Александр Шаметько (Алматы облысы).
Жекелеген снарядтар бойынша жеңімпаздар:
Қол тіреп секіру – Анфиса Иванова;
Керме – Көркем Ербосынқызы;
Бөрене – Көркем Ербосынқызы;
Еркін жаттығу – Александра Шаметько.