• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2014

Мухаммед Мурсиге тағы айып тағылды

278 рет
көрсетілді

Мысырдың Бас прокуратурасы экс-президент Мухаммед Мурси мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысының жетекшілеріне елдің қорғаныс қабілеті жөніндегі құпия мәліметтермен Иран елін қамтамасыз етті деген айып тақты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Жексенбі күні Каирде тыңшылық әрекеті  бойынша сот процесі қайта басталды. Мухаммед Мурси мен исламистік ұйымның 35 жетекшісі бұл істе басты айыпкерлер ретінде қарастырылып отыр. Бас прокуратура дайындаған құжаттарда Мысырда соңғы бірнеше жыл ішінде орын алған терактілерге «Мұсылман бауырлар» қозғалысының қатысы бар екені айтылады. Сондай-ақ қозғалыс жетекшілеріне палестиналық ХАМАС пен Ливан шииттерінің «Хезболлах» топтарымен және Ирандағы «Ислам революциясының сақшылары» корпусымен бірлесуді көздеген «террористік жоспар» жасады деген  айып тағылуда. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Itar-tass.com.