• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 11 Қараша, 2021

Промоутер: Головкин Уордтан қашқан емес

124 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Генаның кезінде Андре Уордпен жекпе-жектен қашпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Уордтың командасы Головкин басқа боксшымен кездесу жайлы келісімшарт жасасып қойған соң ғана ұсыныс тастағанын жеткізді.

«Андре Уордтың командасы Геннадий Головкинмен кездесу жөніндегі ұсынысты кеш жіберді. Ол кезде біз Давид Лемьенің командасымен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойған болатынбыз», деді ол журналист қойған сауалға үн қатып.