Boxingnews 24.com порталының тілшісі Шон Джонс екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Сауль «Канело» Альварес келесі жылы Геннадий Головкинмен шайқасқа шығып, DAZN стриминг қызметін және бокс фанаттарын қуантпақ. Жұрттың да күткені осы еді», деді ол ойын түйіндеп.
Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер де екі мықты арасындағы үшінші кездесу келесі жылы өтетіндігіне сендірген болатын.