Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АШМ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысындағы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР АШМ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстады, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі-қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған» делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бірқатар лауазымды тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.