• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2014

Біліктілікті арттыру семинары

313 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың әкімдері үшін Өңірлік мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталықтарына онлайн-трансляцияны қолдана отырып, біліктілікті арттыру семинары алғаш рет өткізілуде, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов, Ака­демия ректоры Б.Әб­дірә­сі­лов, Қаржы вице-министрі Р.Дә­ленов, Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау вице-министрі К.Әбсаттаров, сон­дай-ақ, Қаржы министрлігі, Эко­номика және бюджеттік жос­парлау министрлігі, Өңір­лік даму министрлігі, Эко­номикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ де­партаменттері мен бас­қар­маларының басшылары қатысуда. Мемлекет басшысының 2013 жылғы қазан айын­да «А» корпусының мем­ле­кет­тік қызметшілерімен өткен жиналыста бер­ген тапсырмасында атап көрсе­тілгеніндей, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 24-25 ақпанда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың 300 әкімі үшін біліктілікті арттыру семинары алғаш рет өткізіліп отыр. Онлайн-трансляция режімінде 15 өңірлік мем­лекеттік қызметшілерді оқыту орталықтарында (ӨОО) екі мыңнан астам әкім осы се­минардың қатысушылары болуда. Бұл ретте Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың бар­лық әкімдері өңірлік мем­лекеттік қызметшілерді оқы­ту орталықтарында ака­демияның ӨОО-мен және Еуропалық Одақ жобасымен бірлесіп әзірленген және облыс әкімдерімен келісілген 80 сағаттық Үлгілік бағдарлама бойынша оқытылуда. Екі күндік семинар барысында ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың әкімдері Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында бекі­тіл­ген бағыттардың басым­дықтарымен танысатын болады. Семинар тыңдаушылары жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқарудың салық салу, бюджеттеу, халықты жұмыспен қамту, халықтың жиналыстарын ұйымдастыру мәселелеріндегі 67 функцияны іске асыру бойынша білім алады. Бұдан өзге, семинарда ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің бірқатары өңірлердегі өздерінің оң жұмыс тәжірибесі туралы ақпараттарымен бөліседі. Оқудың нәтижесі бойынша сертификаттар беріледі.